Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 14.12.2022, 10:00
- 14.12.2022, 18:00
Канатбекова Гульмира 14.12.2022, 10:55, Сұрақ нөмірі: 11479
Мемлекеттік қызметкер кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік органның қызметшісі қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту тәртіптік жазаға тартылатын болатын. Тәртіптік жаза қолданылғандығына 2 жылдан астам уақыт өтті. Бұл ретте, заңнама талаптарында қызметшіге қатысты шектеулер барма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 11:19
Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнама талаптарымен шектеулер көзделген. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылған тұлға мемлекеттік қызметке жіберілмейді.