Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 14.12.2022, 10:00
  • 14.12.2022, 18:00

Шубаева Торгын 14.12.2022, Сұрақ нөмірі: 11482

  • 0

Қандай жағдайларда мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 15:08

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 48-бабына сәйкес мемлекеттік қызметші келесі жағдайларда лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін: 1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес; 2) мемлекеттік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның немесе өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның актісі шығарылады.