«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 14.12.2022, 15:00
  • 14.12.2022, 18:00

Абсенов Руфат 14.12.2022, 16:18, Сұрақ нөмірі: 11486

  • 0

Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметке алғаш орналасатындар үшін сынақ мерзімі қанша уақытқа созылады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 16:28

Сәлеметсізбе Руфат Абсенов! Сауалыңызға рахмет. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 20 бабы 3-тармағына сәйкес, сынақ мерзімі үш айды құрайды. Сынақ өтуші дәлелді себептермен болмаған кезеңдері сынақ мерзіміне есептелмейді. Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қайта ұзартылмайтын үш ай мерзімге ұзартылады.