«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 14.12.2022, 15:00
  • 14.12.2022, 18:00

Болатова Тұраргүл 14.12.2022, 16:31, Сұрақ нөмірі: 11487

  • 0

Саламатсыз ба? Мен 3 бағдарлама бойынша тестілеуден өткенмін, жұмысқа қалай тұруға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 16:41

Саламатсыз ба? Болатова Тұраргүл, сауалыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жалпы конкурстардың өткізілуі туралы хабарландырулар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/vacancies) орналастырылады. Хабарландыруларда еңбек шарты, жұмыс өтілі мен білімі бойынша талаптар көрсетіледі. Осыған орай, тиісті жұмыс тәжірибеңіз, құзыреттеріңіз бен біліміңіз болған жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатыса аласыз. Конкурсқа құжаттарды «Электрондық үкімет» порталы, хабарландыруда көрсетілген электронды пошта арқылы немесе конкурсты жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тапсыруға болатынын хабарлаймыз.