«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 14.12.2022, 15:00
- 14.12.2022, 18:00
Мусагалиев Ризабек 14.12.2022, 16:57, Сұрақ нөмірі: 11489
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке кірген кезде дипломды нотариалды куәландыру қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 17:07
Қайырлы күн! Мусагалиев Ризабек, сауалыңыз үшін рахмет! Агенттіктің 2017жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 78 тармағына сәйкес құжаттардың оның ішінде білім туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады. Осылайша, білім туралы құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқаларын ұсынған кезде көшірмелерді ұсынады.