«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

«Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 14.12.2022, 15:00
  • 14.12.2022, 18:00

Нұрлыбай Серікбек 14.12.2022, 17:28, Сұрақ нөмірі: 11493

  • 0

Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметте әскери қызметке шақыру жағдайында жұмыс орнын босату керек болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.December.2022, 17:44

Қайырлы күн, Нұрлыбай Серікбек! Сауалыңыз үшін рахмет! Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.