Mемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 20.12.2022, 15:00
  • 20.12.2022, 17:00

Урлибаев Бекбол 20.12.2022, 15:27, Сұрақ нөмірі: 11512

  • 0

Жазасы бар мемлекеттік қызметкер басқа мекеменің лауазымына ауысуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2022, 15:32

Сұрағыңызға рақмет, егер мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның» 37-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.