«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.12.2022, 15:00
  • 21.12.2022, 17:00

Бағдатова Айзат 21.12.2022, 15:43, Сұрақ нөмірі: 11515

  • 0

Сәлеметсіз бе? Облыстық басқармада жұмыс істеп жүрген адам. орталық атқарушы органға (министрлік) конкурссыз ауысуға мүмкіндік бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.December.2022, 15:46

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының талаптарына сәйкес, облыстық басқармадан министрлікке ауысу тәртібімен орналасуға жол берілмейтінін хабарлаймыз. Өз кезегінде, Сіз жалпы конкурсқа қатысу арқылы министрліктегі лауазымға тағайындалу құқығыңыз бар екенін назарыңызға ұсынамыз. Бұл ретте, жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілерге тестілеуден өтуі талап етілмейді.