«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.12.2022, 15:00
  • 21.12.2022, 17:00

Кенжетайұлы Самат 21.12.2022, 15:56, Сұрақ нөмірі: 11516

  • 0

Сәлеметсіздерме! Менің Сіздерге қояр сұрағым келесідей: Түркістан облысында мемлекеттік қызметке тест тапсырғым келді, алайда тестілеу залы бос болмаса, басқа облыстан немесе басқа қаладан тапсырсам аталған тесттің сертификаты Түркістан облысына жарайды ма жұмысқа кіргенге? Алдын ала рахмет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.December.2022, 15:58

Сіздің сұрағыңызға келесіні хабарлаймыз. Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша берілген қорытындылары бір жыл ішінде жарамды. Бұл ретте, аталған қорытындылар еліміздің барлық аумағында бірдей жарамды екенін хабарлаймыз.