«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.12.2022, 15:00
- 22.12.2022, 17:00
Даулетбаева Ұлнұр 22.12.2022, 16:36, Сұрақ нөмірі: 11518
Саламатсыздарма! Егер мемлекеттік қызметшінің сөгіс түріндегі тәртіптік жазасы болса оған қолданылатын келесі тәртіптік жаза түрі қандай болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.December.2022, 16:43
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының» талаптарына сәйкес, тәртіптік терiс қылықтар елеусiз, елеулі, өрескел болып бөлiнеді. Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылатындығы түсіндіріледі.