«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.12.2022, 15:00
- 22.12.2022, 17:00
Абсенов Руфат 22.12.2022, 16:37, Сұрақ нөмірі: 11519
Сәлеметсіз бе! Мен мемлекеттік қызметші болып табыламын және мен көп бала тәрбиелеп отырған анамын. Қазіргі уақытта мен қызмет атқаратын мемлекеттік органда қысқарту мәселесі көтеріліп жатыр. Соған сәйкес, жалпы, қандай қызметкерлер қысқартылуға жатпайтындығы туралы ақпарат бере аласыз ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.December.2022, 16:40
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен штат санының қысқартылуына байланысты еңбек шартын бұзуына болмайды, яғни осындай санаттағы мемлекеттік қызметшілер қысқартылуға жатпайды. Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған мемлекеттік қызметшілердің штат санын мемлекеттік орган басшысы мен қызметкерлердің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз қысқартуға жол берілмейді. Өзге жағдайларда лауазымға қабылдауға немесе босатуға құқығы бар уәкілетті адам, яғни мемлекеттік органның басшысының шешімі бойынша болы мүмкін. Егер мемлекеттік қызметшінің штаты қысқартылуға жатқызылса, мемлекеттік орган басшысы, бұл туралы тиісті қызметкерге кемінде 1 ай бұрын хабарлауы тиіс. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі. Ал, мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін беру кезінде берілген функцияларды, өкілеттіктерді атқарған және (немесе) осы штат бірліктерінде тұрған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың біліктіліктеріне сәйкес басқа мәні бірдей лауазымдар ұсынылады.