«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.12.2022, 15:00
- 22.12.2022, 17:00
Тампиева Жанна 22.12.2022, 16:41, Сұрақ нөмірі: 11520
Жақын арада мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған болатынмын. Мен қызметке орналасқан мемлекеттік органда алыс туысқанымның барын білдім. Бұл жағдай менің жұмысыма қандай да болмасын теріс әсерін тигізеді ма немесе заңнамамен шектеу қойылған ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.December.2022, 16:42
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды. Бұл ретте, жақын туыстар деп – ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, ал жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі. Егер осындай мәселе туындаған жағдайда бұл мүдделер қақтығысына әкелу жағдайын ескеру қажет және бағынысында қызмет атқаратын қызметкер жұмыстан шығарылуға, ал жауапты тұлғалардың тиісті жауапкершіліктерін қарауға алып келеді.