«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.12.2022, 15:00
- 22.12.2022, 17:00
Каиров Ерболат 22.12.2022, 16:50, Сұрақ нөмірі: 11521
Сәлеметсіз бе? Қызметкерім 2 ай бұрын қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған болатын. Бүгінгі күні аталған қызметкердің атқарып отырған лауазымынан жоғары тұрған лауазым бос. Жалпы, өз ісінің маманы, жұмысын жақсы біледі. Аталған қызметкерді бос лауазымға конкурс өткізбестен ауысу тәртібімен тағайындауға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.December.2022, 16:53
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес осы мемлекеттік органдағы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде – неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі. Бұл ретте, аталған Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.