«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы қатынастар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 22.12.2022, 15:00
  • 22.12.2022, 17:00

Құрмантаева Мөлдір 22.12.2022, 16:52, Сұрақ нөмірі: 11522

  • 0

Сәлеметсіз бе! Шамамен 3-4 ай бұрын өзім қызмет атқарып отырған мемлекеттік органда жарияланған ішкі конкурсқа жалғыз өзім қатысып, сұрақтарға тиісінше жауап бердім. Алайда, конкурс комиссиясы оң қорытынды алған үміткердің жоқтығы туралы шешім қабылдады. Конкурс комиссиясының қабылдаған бұл шешімі заңды ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.December.2022, 16:55

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 60-тармағына сәйкес Ең көп балл сомасын алған кандидат конкурс комиссиясының оң қорытындысын алады. Балл сомалары тең болған жағдайда, конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты анықтайды. Бұл ретте конкурс комиссиясы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.