Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: бағаны реттеу және бақылау
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: бағаны реттеу және бақылау" тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Сауда комитетінің баспасөз хатшысы Динара Самидоллиновна Есенбаева жауап береді
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.12.2022, 15:00
- 23.12.2022, 17:00
Альмуханова Айнур 23.12.2022, 16:33, Сұрақ нөмірі: 11526
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсімі байқалды ма? Астана қаласы бойынша қандай тауарларға баға қатты шарықтады?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 23.December.2022, 17:08
Қайырлы күн! Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Өңірлер бөлінісінде бағаның ең көп өсуі Астана қаласы және Атырау облысында – 0,4% тіркелді. Жыл басынан бері ең жоғары өсімді Ұлытау облысы – 31,4% және Астана қаласы – 25,0% көрсетті. Тауарлар бөлінісінде Астана қаласы жыл басынан бері бағаның ең үлкен өсуі пияз – 67 %-ға, қантқа – 53,4%-ға, рожки – 50,2%-ға, қарақұмық – 47,9%-ға, картоп – 31,5%-ға, және сүт – 25,8%-ға байқалды.