«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.12.2022, 15:00
- 26.12.2022, 17:00
Арыстанова Шынар 26.12.2022, 15:08, Сұрақ нөмірі: 11529
ЖОО дипломын апостильдеу үшін не істеу қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.December.2022, 15:19
Қайырлы күн, Арыстанова Шынар! Сұрағыңызға рахмет! "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығының 5-тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды береді. Бұл ретте, мемлкеттік қызмет көрсету мерзімі келесі болып белгіленген: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді: 1) мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 2) мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.