«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.12.2022, 15:00
- 26.12.2022, 17:00
Айтуарова Замзагуль 26.12.2022, 15:25, Сұрақ нөмірі: 11530
Баламды қала ішіндегі мектептен басқа мектепке ауыстыру тек каникул кезінде деп естідім, сол қаншалықты заңды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.December.2022, 15:31
Салеметсіз бе, құрметті Айтуарова Замзагуль! Сұрағыңызға рахмет! Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 10-тармағына сәйкес, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы жүзеге асырылады