Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.12.2022, 15:00
  • 28.12.2022, 17:00

Калдыбекова Рысбике 28.12.2022, 15:12, Сұрақ нөмірі: 11547

  • 0

Саламатсыз ба? Мен көпбалалы отбасымын, 5 балам бар. Маған мемлекеттен атаулы көмек алуға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.December.2022, 15:33

Саламатсызба, сұрағыңызға рахмет, иә тапсыра аласыз. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну" қағидасына сәйкес, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы және "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш тапсырсаңыз болады.