Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.12.2022, 15:00
- 28.12.2022, 17:00
Болганбаева Кульжан 28.12.2022, 16:10, Сұрақ нөмірі: 11550
Сәлеметсізба, немеремнің туу туралы куәлігіндегі (метрка) аты жөнін қалай ауыстырсам болады? айып жібересізба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.December.2022, 16:35
Сәлеметсіз, немереңіздің атын ауыстыру Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою" қағидасына сәйкес, мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және портал арқылы кез келген тіркеуші органға жүгіну арқылы жүзеге асырылады