Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.12.2022, 15:00
  • 28.12.2022, 17:00

Нұрлыбек Ерсайын 28.12.2022, 16:10, Сұрақ нөмірі: 11551

  • 0

Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткені үшін қайда шағымдансам болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.December.2022, 16:39

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті сапасына көңіліңіз толмаған немесе келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінсеңіз болады. Бұл ретте, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.