Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша
Мемлекеттік қызмет
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.12.2022, 11:00
- 29.12.2022, 17:00
Шалабаева Бибигул 29.12.2022, 15:58, Сұрақ нөмірі: 11554
Сынақ мерзімі кезінде мемлекеттік әкімшілік лауазымының міндетін уақытша атқарушыға сыйақы тағайындалады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.December.2022, 16:09
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің (бұдан әрі - Ережелер) 4-тармағына сәйкес қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса және сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жатпайтын қызметкерлерге сыйлық берілуі мүмкін. Бұл ретте, Ережелердің 1-2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру мемлекеттік органның басшысының шешімімен жүргізілетіндігін хабарлаймыз.