Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша

Мемлекеттік қызмет

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 29.12.2022, 11:00
  • 29.12.2022, 17:00

Тим Екатерина 29.12.2022, 16:45, Сұрақ нөмірі: 11559

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен екінші бағдарлама бойынша тестілеуден өттім, оны сәтті тапсырдым, бірақ жеке қасиеттерді бағалау тестінен өте алмадым, оны қай уақытта қайта тапсыруға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.December.2022, 16:50

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалардың (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген) 25-1 тармағына сәйкес жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде көрсетілген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.