«Жекешелендірудің өзекті тақырыптары»
««Жекешелендірудің өзекті тақырыптары» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Тәшенов Бақытбек Кәкімұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 30.12.2022, 10:00
- 30.12.2022, 13:00
Исаева Гульбакыт 30.12.2022, 11:02, Сұрақ нөмірі: 11561
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік тізілімнің веб-порталында жалға ұсынылатын объектілердің тізбесі қалай қалыптастырылады?
ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 30.December.2022, 11:41
Теңгерімінде артық және пайдаланылмайтын объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалар осы объектілерді жалға беру үшін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттеріне, яғни жалға берушіге объект туралы өзекті мәліметтерді, атап айтқанда техникалық құжаттаманы, объектінің сипаттамасын, оның фотосуреттерін қамтитын анық ақпаратты ұсынады. Аталған ақпарат 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік тізілімнің веб-порталында орналастырылады, онда кез келген адам, заңды әрі жеке заңды тұлға мүліктік жалдау шартын жасасуға өтінім бере алады.