«Жекешелендірудің өзекті тақырыптары»
««Жекешелендірудің өзекті тақырыптары» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Тәшенов Бақытбек Кәкімұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 30.12.2022, 10:00
- 30.12.2022, 13:00
Сагитова Зарина 30.12.2022, 11:48, Сұрақ нөмірі: 11562
Мен электронды сауда -саттықтың қатысушысымын. Мен мемлекет кірісіне тәркіленген автокөлікті аукционнан сатып алдым, қазір білдім, бұрынғы иесі көлікті қайтару үшін сотқа шағым түсірген, осы жағдайда маған не істеу қажет?
ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 30.12.2022
Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылып кеткен жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.