Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы
Облыстың ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы мақ¬сатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерді мем¬лекет меншігіне қайтару мәселесін жан-жақты қарау болып табылады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 23.01.2023, 10:00
- 23.01.2023, 15:00
Татиев Аслан 23.01.2023, Сұрақ нөмірі: 11568
жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі қалай беріледі?
Жетісу облысы 23.01.2023
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының 28-тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылып, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді. Бұдан бөлек, жер заңнамаларында жер учаскелерінің бөліну кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған және кезекте тұрған азаматтардың құқығы тең болып саналады.