«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.01.2023, 15:00
- 25.01.2023, 17:00
Мырзалиева Мөлдір 25.01.2023, 15:08, Сұрақ нөмірі: 11569
Саламатсыздар ма, мемлекеттік органдардағы конкурстарға қатысу үшін қандай құжаттар тапсыруым керек? Мен мемлекеттік қызметші емеспін.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.January.2023, 15:13
Cұрағыңызға рақмет, сұрағыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Осы ретте, жалпы кокнурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын-ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі. Сонымен қатар, бос лауазымның біліктілік талабына сәйкес келуіңіз қажет (білімі, еңбек өтілі бөлігінде).