«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.01.2023, 15:00
- 25.01.2023, 17:00
Бағдатова Айзат 25.01.2023, 15:22, Сұрақ нөмірі: 11570
Мен конкурсқа қатысып, конкурстың шешіміне қанша күнде шағымданған дұрыс?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.January.2023, 15:24
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізу тәртібі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларымен (бұдан әрі - Қағида) реттеледі. Бұл ретте, Қағиданың 103-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. Сонымен қатар, конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға (Агенттікке) немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады (Қағиданың 104-тармағы).