«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 25.01.2023, 15:00
  • 25.01.2023, 17:00

Урлибаев Бекбол 25.01.2023, 16:17, Сұрақ нөмірі: 11571

  • 0

Педагогтарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.January.2023, 16:21

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік қызметке кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңның 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi. Сонымен қатар, Заңның 16-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Сондай-ақ, Заңның 16-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi. Яғни, Заңның 16-бабындағы мемлекеттiк қызметке кiру шарттары талаптарына сәйкес келген жағдайда педагогтарға мемлекеттік қызметке кіруге кедергілер жоқ.