Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебе алу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.01.2023, 15:00
- 30.01.2023, 17:00
Бағдатова Айзат 30.01.2023, 15:59, Сұрақ нөмірі: 11579
Мен басқа қалада жұмыс істеймін. Әскери есепке сол қалаға тұруым керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.January.2023, 16:04
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары»-ның 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, елді мекенге (әкімшілік ауданға) жаңа тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша болатын жерге (үш айдан астам мерзімге), сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзімге) келген кезде жеті жүмыс күні ішінде әскери есепке қою үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ( немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына жүгінуі қажет.