Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебе алу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.01.2023, 15:00
  • 30.01.2023, 17:00

Курынбаева Гульнара 30.01.2023, 16:08, Сұрақ нөмірі: 11580

  • 0

Менің балам басқа қалада универститетте оқуда. Ол қайсы жерде әскери тіркеуге тұру керек. Үйінде ме, жоқ әлде Университет орналасқан қалада ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.January.2023, 16:10

Сұрағыңызғы рахмет. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары» -ның 7-тармағына сәйкес Сіздің балаңыз Университет орналасқан қаладағы жергілікті әскери басқару органдарына (военкоматқа) әскери есепке тұру қажет.