Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 31.01.2023, 10:00
  • 31.01.2023, 18:00

Шалабаева Бибигул 31.01.2023, 15:36, Сұрақ нөмірі: 11583

  • 0

Жұмыссыз ретінде тіркелу мемлекеттік қызмет екенін естідім, қалай тіркелсе болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.January.2023, 15:58

Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 4-тармағына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі: 1) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы; 2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.