1.«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп кодексін сақтау», 2.«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері» 3.«мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 01.02.2023, 10:00
- 01.02.2023, 17:00
Спаена Жадра 01.02.2023, 11:00, Сұрақ нөмірі: 11589
Қайырлы күн. Мен кадрлар бөлімінде жұмыс істеймін. Портал арқылы қызметкердің тұрғылықты жері туралы мекенжай мәліметтерін egov.kz порталы арқылы ала аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.February.2023, 11:14
Cәлеметсіз бе, ия. Сіз мүдделі тұлға ретінде порталда авторизацияланасыз. «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін» таңдайсыз және анықтама сұраған адамның деректерін «ЖСН» жолына толтырасыз. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда сіз анықтама түрін таңдап, сұранысты бір реттік пароль арқылы растауыңыз керек. Сұраным азаматқа порталдың жеке кабинетіне хабарлама және оған анықтама алуға 2 сағат ішінде рұқсат беруді немесе оны алудан бас тартуды сұрайтын sms-хабарлама жіберіледі. Сіз анықтамалар тізімін egov.kz порталында көре аласыз.