1.«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп кодексін сақтау», 2.«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері» 3.«мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 01.02.2023, 10:00
- 01.02.2023, 17:00
Мадиева Айгуль 01.02.2023, 15:29, Сұрақ нөмірі: 11594
Қайырлы күн! Айтыңызшы, егер мемлекеттік қызметшіде функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, бонус тиісті ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.February.2023, 16:02
2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1038 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жыл қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде бонустар төленбейді.