Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 02.02.2023, 09:00
  • 02.02.2023, 18:00

Мәкенбай Беглан 02.02.2023, Сұрақ нөмірі: 11596

  • 0

Алматы облысының тұрғынымын, мемлекеттік қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест тапсыратын орталығы облыс бойынша қайда орналасқан?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.February.2023, 15:46

Құрметті Мәкенбай Беглан! ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Осыған сәйкес, бүгінгі күні Қонаев қаласында тестілеу залының болмауына байланысты мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген үміткерлер тестілеуді Алматы қаласында (Төле би көшесі 155, Байзақов көшесінің қиылысы, 1-эт. №1, №2 каб) және Жетісу облысы Талдықорған қаласында (Жастар паркі, Рухани жаңғыру ғимаратының жертөле қабатында) орналасқан тестілеу залдарында өтуге болатынын жеткіземіз. Сонымен қатар, тестілеуге қатысу үшін тіркелу Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz парталы арқылы жүргізілетінін ескертеміз. Тестілеуге және бос мемлекеттік лауазымдарға қатысты толық ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ресми сайтынан (www.gov.kz), әлеуметтік желілерінен (elqeqyzmet.almaty_oblysy, https://www.facebook.com/ADGSAlmobl) немесе Департамент қызметкерлерінен (тел.87072220693, тел.87778200095) алуға болатынын хабарлаймыз.