Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 02.02.2023, 09:00
- 02.02.2023, 18:00
Бактыгожаева Айнель 02.02.2023, 16:09, Сұрақ нөмірі: 11597
Қайырлы күн!
Мемлекеттік қызметшілерге қайырымдылық қор құруға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.February.2023, 16:53
Құрметті Бектыгожаева Айнель! Заңмен мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік қызметшілермен қабылданатын тиісті шектеулер көзделген. Осылайша, Заңының 18 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілермен қайырымдылық қорын құру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді бұзу болып табылады.