«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері бойынша»
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А. Көмекбаев интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 10.02.2023, 09:00
- 10.02.2023, 18:00
Илесбекова Жансая 10.02.2023, 09:42, Сұрақ нөмірі: 11605
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызметке кіргенде арнайы тексерудің оң нәтижелері міндетті түрде қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.February.2023, 09:57
Сәлеметсізбе құрметті Илесбекова Жансая! Арнайы тексерудің оң нәтижелері Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындағанда міндетті түрде қажет!