«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері бойынша»
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А. Көмекбаев интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 10.02.2023, 09:00
- 10.02.2023, 18:00
Нургалиева Шынар 10.02.2023, 17:46, Сұрақ нөмірі: 11610
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай шектеулер қабылданады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.February.2023, 17:49
Сәлеметсізбе құрметті Нургалиева Шынар! Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды. Бұл шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.