Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселелері
Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау түрлері
- Сұрақтар: 1
 - Жауаптар: 1
 - 13.02.2023, 10:00
 - 13.02.2023
 
Жолтанова Жансая 13.02.2023, 11:48, Сұрақ нөмірі: 11611
 "Қайырлы күн! 3 жасқа толмаған баласы бар мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққан кезде күніне 7 сағат жұмыс істей ала ма (яғни, күн сайын 1 сағат бұрын жұмыстан кетеді)?
                
                


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.February.2023, 16:18
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім бойынша қызметкерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-анасының (бала асырап алушының) бірінің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.