Кадр тұрақтылығына қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар кадр тұрақтылығына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 14.02.2023, 15:00
- 14.02.2023, 17:00
Турлиева Айдана 14.02.2023, 16:27, Сұрақ нөмірі: 11617
Денсаулығына байланысты мемлекеттік қызметтен кеткен жағдайда, жұмыстан кету себебін өз еркімен деп көрсете аламыз ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2023, 16:30
Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығын есептеу бойынша Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 113 бұйрығымен «Кадрлық тұрақтылық» көрсеткішін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілген. Әдістемеге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы көрсеткішін есептеу кезінде мемлекеттік органға байланысты емес себептермен жұмыстан шығарылған адамдар есепке алынбайды. Олар, отбасылық себептер бойынша (басқа елді мекенге көшу, оның ішінде жұбайының/зайыбының ауысуына байланысты, кәмелетке толмаған балаларға, отбасы мүшелеріне күтім жасау, некелесу және т.с.с.), денсаулық жағдайы бойынша, қайтыс болуына, өкілетті органдарға тағайындалуына немесе сайлануына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау, арнаулы, сот органдарына ауысуына, әскери қызметке қабылдануына байланысты мемлекеттік органдардан кеткендер. Осыған орай, денсаулық жағдайына байланысты (ұзақ уақыт бойы ауырып, жұмысқа жарамсыз болса) мемлекеттік қызметтен кететін болса, өз еркімен емес, басқа да себептер, оның ішінде денсаулығына байланысты деп көрсетіледі.