«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.02.2023, 15:00
- 15.02.2023, 17:00
Башенова Гульжазира 15.02.2023, 16:43, Сұрақ нөмірі: 11619
Cәлеметсіз бе! Мен мемлекеттік қызметке келуді жоспарлап жүрген едім. Мемлекеттік қызметке келу үшін, қандайда болмасын шектеулер бар ма? Және мен кірген жағдайда мемлекеттік қызметте жүріп кәзіргі уақытта атқарып жүрген кәсібімді қосымша атқара аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.February.2023, 16:44
Қайырлы күн! Сұрағыңызға алғысымызды білдіреміз! Мемлекттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi өкiлдi органның депутаты болуға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға; өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға; ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға шектеу қойылғандығы түсіндіріледі. Атап өту қажет, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті болып табылады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайтындығын, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтындығын назарыңызға ұсынамыз.