«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 15.02.2023, 15:00
- 15.02.2023, 17:00
Сисембаева Эльвира 15.02.2023, 16:49, Сұрақ нөмірі: 11620
Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік органның ішінде ауысу бойынша басқа лауазымға ауысу туралы өтініш тастаған болатынмын. Алайда мемлекеттік оргенмен менде алынбаған тәртіптік жазаның болуына байланыста ауыса алмайтындығын айтылып отыр. Осы бойынша мағлұмат бересіз бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.February.2023, 16:55
Қайырлы күн! Сұрағыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейді. Осыған сәйкес, Сіздің алынбаған тәртіптік жазаңыздың ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтамау (әдеп нормаларын бұзу) немесе «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабында көзделген қандайда болмасын бұзушылықтарға жол беру арқылы мемлекеттік қызметке кір келтіру фактісі бойынша қолданылғандығын/қолданылмағандығын айқындау қажеттілігі туындайды. Егер, орын алған тәртіптік теріс қылық жоғарыда аталған заңнама бұзушылықтары болып табылмаған жағдайда, осы мемлекеттік органның ішінде ауысу тәртібімен сол санаттағы немесе кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған болса, жоғары тұрған санаттағы лауазымдарға жүргізуге мүмкін екендігі түсіндіріледі.