«О вопросах при прохождении государственной службы»

Интернет-конференция на тему: «О вопросах при прохождении государственной службы». На вопросы пользователей будет отвечать руководитель Департамента, председатель совета по этике Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Атырауской области Е.М.Ермаханбетов.

  • Вопросы: 4
  • Ответы: 4
  • 15.02.2023, 15:00
  • 15.02.2023, 17:00

Хайролла Алишер 15.02.2023, 16:50, Номер вопроса: 11621

  • 0

Сәлеметсіз бе! Егер мемлекеттік қызметші бұйрық негізінде ауданның елді-мекеніне іссапарға тек 1 күнге жіберілген болса, оған мүлдем іссапар шығындары төленбейді ме?

Агентство РК по делам государственной службы 15.February.2023, 16:54

Қайырлы күн! Сұрағыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекетік қызметшінің іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленуге жатады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметші 1 күнге іссапарға жіберілген болса, жол жүру билеттерiнің құны бойынша шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде жол жүру өтемақысы жүргізіледі. Егер, iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар тиісті көлiктермен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi. Атап өту қажет, жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары жұмыс берушінің актісінде айқындалуы тиіс.