Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 16.02.2023, 09:00
  • 16.02.2023, 18:00

Айтмухан Аманжол 16.02.2023, 09:53, Сұрақ нөмірі: 11623

  • 0

Салеметсіздерме қандай бағыттағы шағымды қарастырасыздар? Мысалға мына әкім жұмысын жаса алмай жатыр деген секілді, әлде Сіздер ондай мәселелерді қарастырмайсыздарма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2023, 09:57

Салеметсібе құрметті Аманжол мырза. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету салаларында бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілер шегінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау туралы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметкердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қатысты шағымдарын қарастырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымдарын қарайды.