Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 16.02.2023, 09:00
- 16.02.2023, 18:00
Насимбаева Гузалья 16.02.2023, 10:37, Сұрақ нөмірі: 11626
Салеметсізбе, Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2023, 11:00
Сәлеметсізбе Гузалья ханым.Мемлекеттік қызметші қарапайым болу керек, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпаукерек. Мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру керек. Заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау керек. Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау керек. Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасамау қажет. Лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау керек. Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау керек. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет. Қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау керек. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс деп санаймын.