Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 16.02.2023, 09:00
  • 16.02.2023, 18:00

Айтмухан Аманжол 16.02.2023, 16:55, Сұрақ нөмірі: 11630

  • 0

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс бағыттарда пайдалануы жайлы публикациялар шығарылуда, осылар бойынша шаралар қабылдап жатырма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2023, 16:59

Сәлеметсізбе, Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың қатарында мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет делінген. Осы бағыт бойынша Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді нысаналы мақсатта пайдалануын сақтамау бойынша әлеуметтік желілердегі жағымсыз басылымдар бойынша тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталған бағыттағы жағымсыз жарияланым анықталған жағдайда бізбен аталған қызметтік автокөлікті қандай себептермен қызметтен тыс уақытта пайдаланудың себеп-салдарын анықтау және тиісті тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту шараларын ұйымдастыру жайлы хаттары жолданады.