Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Н. Бақтаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 16.02.2023, 09:00
  • 16.02.2023, 18:00

Смагулова Динара 16.02.2023, 17:52, Сұрақ нөмірі: 11631

  • 0

Әдеп жөніндегі кеңесі деген не?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2023, 17:56

Әдеп жөніндегі кеңестері Агенттік және оның аумақтық Департаменттерінің алқалы органдары болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен қатара Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі өзіне жүктелген функцияларды атқару кезінде бейтарап және объективті болуға тиіс