Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.02.2023, 10:00
  • 17.02.2023, 15:00

Қабден Нұрбек 17.02.2023, 10:53, Сұрақ нөмірі: 11633

  • 0

Қайырлы күн. Мен 2021 жылдың қараша айында сокращениеге ілініп жұмыстан шықтым. Заңға сәйкес маған қысқартылуыма байланысты 4 АЕК төленді. 2022 жылдың сәуір айында сол мекемедегі қызметшілерге 2021 жылдың бағалау нәтижесіне сәйкес бонус алыпты. Маған ол төленбеді. Енді 2021 жылдың бағалау нәтижесіне сәйкес сол бонусымды өндіре аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.February.2023, 11:21

2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1038 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жыл қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.