Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.02.2023, 10:00
- 17.02.2023, 15:00
Пауеден Сұлушаш 17.02.2023, Сұрақ нөмірі: 11636
Сәлеметсіз бе, мен жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін. Осы жеке кәсіпкерлігіммен қоса негізгі жұмыс ретінде мемлекеттік қызметке тұрсам ба деймін, бірақ достарымның айтуы бойынша кәсіпкерлігімді қатар алып жүруге болмайды дейді, сол бойынша түсініктеме бересіз бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.02.2023
Сәлеметсіз бе, сұрағыңыз өте орынды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында мемлекеттік қызметші кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы емес. Бұл ретте, мемлекеттік қызметпен кәсіпкерлік қызметті қатар жүргізу мүмкіндігі жоқ екендігін назарыңызға жеткіземіз.