« Мемлекеттік қызметке түсу шарттары »
«Мемлекеттік қызметке түсу шарттары» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Б. Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 17.02.2023, 15:00
- 17.02.2023, 17:00
Жандызер Құралай 17.02.2023, 15:37, Сұрақ нөмірі: 11638
Биыл университетті аяқтаймын, өз ауылыма барып, мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғым келеді. Естігенім бойынша, ауылға барсаң, бірден мемлекеттік қызметке жұмысқа алады екен. Сол рас па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.February.2023, 15:45
Қайырлы күн, Құралай! Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Сіз жоғары оқу орнында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқып, жоғары үлгерім көрсеткен болсаңыз, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына конкурссыз тікелей тағайындалуға мүмкіндігіңіз бар.