«Мемлекеттик кызметте болуга байланысты шектеулер»
«Мемлекеттик кызметте болуга байланысты шектеулер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С.Б.Қантаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 21.02.2023, 09:00
- 21.02.2023, 18:30
Абдраманова Натира 21.02.2023, 16:15, Сұрақ нөмірі: 11639
Мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлікпен айналысуға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.February.2023, 16:25
Жоқ болмайды. Себебі мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне заңдарда белгіленген шектеулерді қабылдайды. Осы ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 13-бабында мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер белгіленген. Аталған шектеулердің біріне мемлекеттiк қызметшiнің кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы еместігі жатқызылған. Шектеулердi сақтамау мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына негіз болып табылатынын ерекше атап өту қажет. Оған қоса, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысу әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Бұл ретте, аталған бұзушылықтың жасалған жағдайда, алынған кірістер, ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабы).